БҰҰ дүние жүзі елдерінің мемлекеттік қарызына қатысты деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
2024 жылдың қорытындысы бойынша, 134 елде жан басына шаққандағы мемлекеттік қарыз өссе, тек 48 мемлекетте төмендеген. Дүние жүзі бойынша орташа қарыз көлемі — бір адамға шаққанда 11 400 доллар болды.
Көш басында — Сингапур мен АҚШ.
Сингапурда бұл көрсеткіш рекордтық деңгейге жетіп, 158 мың доллар болды. АҚШ-та — 103,7 мың доллар, бұл ел тарихында алғаш рет 100 мың доллардан асқан. Кейінгі бір жылдың ішінде әрбір америкалықтың үлесіне тиетін қарыз көлемі 5,8 мың долларға артқан.
Жан басына шаққандағы мемлекеттік қарызы ең жоғары 10 елдің қатарына сондай-ақ мына мемлекеттер кірді:
Алғашқы ондықтағы елдердің көпшілігі қарызын арттырған, тек Жапония мен Исландия, керісінше, оны азайтқан.
Еске салайық, бұған дейін Мәжілісте баяндама жасаған қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Қазақстанның сыртқы қарызы 31,7 трлн теңгеге жеткенін айтқан еді.
Дәурен Темірбековтің сөзінше, 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік борышы 31,8 трлн теңгені құраған. Бұл – жалпы ішкі өнімнің 23,7 пайызы.
Оның ішінде үкіметтік борыш жалпы ішкі өнімнің 22,4 пайызын құрады. Бұл – 30,1 трлн теңге, – дейді ол.