×
519.51
611.83
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.51
611.83
6.6

Бітімгерлік келісім: Израиль делегациясы Қатарға аттанады

Бүгін, 16:53
Бітімгерлік келісім: Израиль делегациясы Қатарға аттанады
РИА Новости

Израиль делегациясы жексенбі күні Қатарға барып, Газадағы атысты тоқтату және тұтқындарды босатуды көздейтін ХАМАС-пен ықтимал келісім бойынша келіссөздерге қатысады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі мәлімдеді. Алайда Израиль тарапы Қатар арағайындығымен әзірленген келісім жобасына ХАМАС ұсынған өзгерістерді «қабылдауға келмейтінін» айтты.

Соған қарамастан, премьер кеңсесі «Израиль Қатар ұсынған және өзі мақұлдаған бастама негізінде тұтқындарды қайтару үшін диалогты жалғастырады» деп нақтылады.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, осы аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Израильдің 60 күндік бітімге келуге қажетті шарттарға келіскенін мәлімдеген еді. Алайда келіссөздерге әлі де бірқатар кедергі бар, соның ішінде гуманитарлық көмекті жеткізу, Газа мен Мысыр арасындағы Рафах шекара өткелінің жұмысы және Израиль әскерінің шығу кестесі.

Израиль ХАМАС-тың міндетті түрде қарудан бас тартуын талап етіп отыр — бұл мәселе тарап үшін негізгі шарт болып отыр. Ал ХАМАС шамамен 20 тірі тұтқынды ұстап отыр деген болжам бар.

Дүйсенбі күні Нетаньяху Вашингтонда Дональд Трамппен осы жағдайды талқылауға ниетті.

Серіктес жаңалықтары