×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Шетелде қалып қойған туристердің қайту уақыты ұзартылды

20.01.2022, 14:57
Шетелде қалып қойған туристердің қайту уақыты ұзартылды
Фото: ашық дереккөз

Шетелде қалып қойған қазақстандық туристер 22 қаңтарға дейін қайтарылады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы «Туристик Қамқор» қорының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ұйымның мәліметінше, төтенше жағдай жарияланған кезде шетелде 7636 ұйымдасқан қазақстандық турист болған. Яғни, оларға туристік фирмалар арқылы қызмет көрсетілген. Олардың көпшілігі Қазақстанға оралып, 96 адам қалып қойды.

Қордың хабарлауынша, қазіргі уақытта бұл туристер әуе компанияларының рейстерінің жұмысына сәйкес қайтып оралуды күтіп отыр. 20 қаңтарда Пхукеттен Алматыға 76 адам келетін рейс ұшты. Ал 22 қаңтарда Мале мен Гоадан Алматыға тағы 20 турист оралады.

«Осылайша, туристік коды бар барлық ұйымдастырылған туристер 2022 жылдың 22 қаңтарында Қазақстанға қайтарылады. Қайту рейсін күтіп отырған барлық турист жатын орынмен және тамақпен қамтамасыз етілген. Қайтып келу авиакомпанияның рейстеріне сәйкес жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.