×
519.58
609.36
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.58
609.36
6.63

Қазақстандағы белгілі университеттен Назарбаевтың есімі алынып тасталады

Бүгін, 10:30
Қазақстандағы белгілі университеттен Назарбаевтың есімі алынып тасталады
AP Photo / Alastair Grant

ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгертілмек. Енді оқу орны ҚР Ұлттық қорғаныс университеті деп аталатын болады. Бұл туралы тиісті құжат Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЗАҢҒА ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы» үкімет қаулысына өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Құжат жобасында:

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті деп өзгерістер енгізу көзделген, - деп жазылған.

Жобаны талқылау 18 шілдеге дейін жалғасады.

ИДЕЯ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ

Университет атауынан Назарбаевтың есімін алып тастау туралы мәселе алғаш рет 2023 жылы көтерілген. Ол кезде мәжіліс депутаттары қорғаныс университетінің атауын өзгерту туралы ұсыныс жасаған болатын. Себеп ретінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшін жоюын алға тартты.

УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

ҚР Ұлттық қорғаныс университеті - қарулы күштер мен басқа да арнайы мемлекеттік құрылымдар үшін офицер мамандарын дайындайтын жоғары әскери оқу орны. Университет 2003 жылы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен құрылған. Ал 2018 жылы оқу орнына Назарбаевтың есімі берілген еді.

Серіктес жаңалықтары