×
519.58
609.36
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.58
609.36
6.63

Франция барлау қызметі: Иранның ядролық бағдарламасы бірнеше айға кейінгі шегерілді

Бүгін, 12:48
Франция барлау қызметі: Иранның ядролық бағдарламасы бірнеше айға кейінгі шегерілді
Фото: Maxar Technologies/AP Photo/picture alliance

АҚШ пен Израильдің соққысынан кейін Иранның ядролық бағдарламасы бірнеше айға артқа шегерілді, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Израиль мен АҚШ-тың Ирандағы нысандарға соққыларының нәтижесінде ядролық бағдарламаның дамуы кем дегенде бірнеше айға шегерілді. Бұл туралы сейсенбі, 8 шілдеде lCIтелеарнасына берген сұхбатында Францияның сыртқы барлау бас дирекциясының басшысы Николас Лернер мәлімдеді. Оның сөзінше, соққылар ядролық бағдарламаның ең негізгі элементтерін зақымдаған.

– Біздің бағалауымыз бойынша, бұл элементтердің әрқайсысы өте қатты зақымданды. Біз білетін ядролық бағдарламаны дамыту өте қатты кешігеді. Мүмкін бірнеше айға, –деді Лернер.

Ол Иранның байытылған уран қорының бір бөлігі жойылғанын, енді бір бөлігі әлі де Тегеранның қолында екенін айтты.

Бұдан өзге, CNN, The New York Times, Financial Tims сияқты бірқатар басылымдар Пентагонның барлау қызметіндегі дереккөздеріне сілтеп, «Иран ядролық бағдарламасы толықтай күйреген жоқ» деген. Дональд Трмап пен Пентагон басшысы Пит Хегсет оны жоққа шығарған. Трамп АҚШ-тың әуе шабуылынан Иранның үш бірдей ядролық нысаны күйрегенін айтқан. Тегеран «соққы жасалғанға дейін байытылған уран мен қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілді» деген.

13 маусымда Израиль Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасаған. Кейіннен оған АҚШ қосылған. Иран қарымта ретінде Израильдің бірнше қаласын, АҚШ-тың Катардағы әскери базасын зымыранмен атқылаған. Кейіннен тараптар мақсаттарына жеткенін айтып, атысты тоқтатқан.

 

 

Серіктес жаңалықтары