×
518.97
607.3
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.97
607.3
6.64

Қазақстандықтарға коммуналдық төлемдерді қалай үнемдеуге болатыны айтылды

Бүгін, 12:21
Қазақстандықтарға коммуналдық төлемдерді қалай үнемдеуге болатыны айтылды
gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі тұрмыста суды үнемдеуге арналған ұсыныстарын әзірледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұсыныстарға келесі шаралар кіреді: кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды толық жүктемемен пайдалану, тіс тазалаған кезде кранды өшіріп, суды стақанмен қолдану, ванна орнына қысқа уақыттық душ қабылдау, көкөністер мен жемістерді суды ыдысқа құйып жуу, автоматты сенсорлы араластырғыштарды қолдану, унитаздарға екі режимді су ағызу жүйесін және крандарға аэрациялық саптамаларды орнату, сондай-ақ крандардың жағдайын үнемі тексеріп, ақауларды жою.

– Біздің министрлік әзірлеген ұсыныстар суды үнемдеудің оңай екенін және оның нақты нәтижесі болатынын көрсетіп отыр. Енді біз бұл қарапайым үнемдеу тәсілдерін республика аумағында кеңінен таныту үшін ақпараттық жұмысты бастаймыз, – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін үкіметтің коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне қатысты шешім қабылданғаны белгілі болған еді. 

Серіктес жаңалықтары