×
518.97
607.3
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.97
607.3
6.64

Backstreet Boys пен Дженнифер Лопестің концерттерінен Қазақстан қазынасына қанша түседі

Бүгін, 13:11
Backstreet Boys пен Дженнифер Лопестің концерттерінен Қазақстан қазынасына қанша түседі
Ulysmedia.kz коллажы

"Астана Концерт" компаниясының продюсері Мәлік Хасенов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys концерттерінен мемлекет бюджетіне түсетін салық көлемін атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МЕМЛЕКЕТКЕ ТҮСЕТІН АҚША

Ulysmedia.kz тілшісі Алматы мен Астанада өтетін қос концерттен ел қазынасына қанша қаржы түсетіні туралы сұрады.

– Қазір болжам бойынша, осы концерттерді ұйымдастырумен айналысатын компаниялар тобы жыл қорытындысы бойынша 1 миллиард теңгеден астам салық төлейді. Бұл сома бірнеше түрлі салықтан құралады, – деді Мәлік Хасенов.

ЛОПЕСТІҢ КОНЦЕРТІ

Америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес Up All Night атты әлемдік турнесінің аясында Қазақстанға алғаш рет келмек. Әншінің концерті 1 тамызда "Астана Аренада", ал 10 тамызда Алматыда өтеді.

Backstreet Boys

АҚШ-тың әйгілі Backstreet Boys тобы да Астана мен Алматыда өнер көрсетеді. Концерт билеттері Дженнифер Лопес шоуының бағасына ұқсас – 40 мың теңгеден басталады. Олар 14 шілдеден бастап сол бір сайт арқылы сатылымға шығарылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, өткендегідай даулы жағдайлар қайталанбайды. Себебі билет сату алгоритмі бұған дейінгі тәжірибе негізінде өзгертілген.

Серіктес жаңалықтары