13 жылдан бері Павлодардағы қарттар үйінде тұратын 94 жастағы ақсақал Сағадат Жұмабаев жинаған ақшасын сырқат балаларға таратып берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЖЫЛЫҚҚА ЖИНАҒАН
Сағадат Жұмабаев Павлодар қаласындағы қарттар үйінде 13 жылдан бері тұрып келеді. Туыстары болмағанына қарамастан, ол өмір бойы қажылыққа деп жинаған қаржысын сырқат баласы бар аналарға таратып берген. Қария 3 600 000 теңгені 30 анаға бөліп, әрқайсысына 120 000 теңгеден көмек көрсеткен.
ҚАЖЫЛЫҚҚА ЖОЛДАМА
Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы мүфтият атынан Сағадат Жұмабаевқа қажылыққа жолдама сертификатын берген.