×
520.93
609.07
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.93
609.07
6.68

Зеленский: Ресеймен келіссөз кейінге қалады

11.07.2025, 09:00
Зеленский: Ресеймен келіссөз кейінге қалады
Heiko Becker / Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен үшінші келіссөз жүргізуге әлі ерте екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ЖОСПАРДА ЖОҚ”

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен үшінші раунд келіссөзді жақын арада өткізу жоспарда жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, тараптар алдымен Ыстамбұлда өткен екінші кездесуде қабылданған уағдаластықтарды толық орындауы тиіс.

– Біз тараптар екінші кездесуде келіскен мәселелерді соңына дейін жеткізуіміз керек. Атап айтқанда – сол кезде сөз болған тұтқындар алмасу процестерін аяқтау қажет, – деді Зеленский Римдегі саммиттен кейін шетелдік БАҚ өкілдеріне берген брифингте.

Зеленский бұдан кейін ғана жоғары деңгейдегі келесі кезеңге дайындық туралы айтуға болатынын атап өтті. Зеленскийдің айтуынша, болашақта жүргізілетін кез келген келіссөз нақты нәтижеге әкеліп, соғысқа нүкте қоюы тиіс.

– Бұған дейін де айтқанымдай, біз кез келген форматқа дайынбыз. Әрине, Украина, Ресей және АҚШ көшбасшылары деңгейіндегі келіссөз – ең тиімді форматтардың бірі. Келіссөз үстелінде тек сөз емес, нақты кепілдіктер де айтылуы керек, – деді ол.

Осылайша Киев болашақ келіссөздерге АҚШ-тың қатысқанын құп көретінін аңғартты. Сонымен қатар Украина президенті Ватиканға бейтарап алаң ұсынып отырғаны үшін алғыс білдірді. Оның айтуынша, мұндай ұсыныстар Австрия, Швейцария және Түркиядан да түскен. Дегенмен Киев қазіргі уақытта нақты қадамдарға асығар емес – алдымен бұрынғы шарттардың орындалуын күтуде.

Серіктес жаңалықтары