×
520.93
609.07
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.93
609.07
6.68

Алматы тауларында жоғалып кеткен жасөспірім өлі табылды

11.07.2025, 10:54
Алматы тауларында жоғалып кеткен жасөспірім өлі табылды
Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz

Алматы тауларында жоғалып кеткен жасөспірім өлі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған жасөспірімнің мәйіті табылғанан растады.

– Денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

2 шілдеде 18 жастағы Ақылбек Нұрисламның жоғалып кеткені туралы хабар тараған. Туыстарыоның тауға кеткенін айтқан. Соңғы рет оның телефоны Үлкен Алматы шатқалы маңында тіркелген. Іздеуге Алматы қалалық құтқару қызметі, республикалық жедел-құтқару жасағы, ТЖД, шекара қызметі, полиция мен еріктілер қатысқан. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына авиация, кинологтар мен дрондар тартылған.

Серіктес жаңалықтары