×
520.93
609.07
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.93
609.07
6.68

Ресей Украинаның батысына соққы жасады: қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар

13.07.2025, 10:10
Ресей Украинаның батысына соққы жасады: қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар
ДСНС

13 шілдеге қараған түні Ресей Украинаның батысындағы бірнеше облысты жүздеген дрон мен ондаған зымыран арқылы атқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

Украина билігінің мәліметінше, Румыния шекарасына жақын орналасқан Черновцы қаласында кемінде екі адам қаза тауып, тағы 20 адам жараланған. Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Ресей 597 дрон мен 26 зымыран ұшырған. Шабуылдар Харьков пен Сумнан бастап Львов, Луцк және Черновцы қалаларына дейінгі азаматтық инфрақұрылымға бағытталған.

Украина қарулы күштерінің хабарлауынша, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері 25 зымыран мен 319 Shahed дронын атып түсірген. Тағы 258 дрон радиоэлектрон күрес құралдары арқылы жойылған.

Шабуылдардан Украина батысындағы Львов, Луцк және Черновцы қалалары қатты зардап шеккен.

ДӘЙЕКСӨЗ

— Ресейдің әуе шабуылдарының қарқыны жедел шешімдер қабылдауды талап етеді. Мұны санкциялар арқылы тоқтатуға болады. Біз серіктестерден жай ғана мәлімдемелер емес, нақты қадамдар күтеміз. Бұл адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін, — деп жазды Зеленский Telegram-дағы парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін БҰҰ маусым айын кейінгі үш жыл ішіндегі бейбіт тұрғындар ең көп қаза тапқан ай деп атаған еді: бір айда 232 адам қаза тауып, 1 343 адам жарақат алған.

Серіктес жаңалықтары