×
520.93
609.07
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.93
609.07
6.68

Негізгі талаптар сақталмай отыр: туризм министрі Тоқаевтың сынынан кейін Алакөлге барды

13.07.2025, 11:06
Негізгі талаптар сақталмай отыр: туризм министрі Тоқаевтың сынынан кейін Алакөлге барды
Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев бастаған үкіметтік делегация құрамында Абай және Жетісу облыстарындағы Алакөл жағажай аймағын аралады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Тексеру барысында бірқатар жүйелі мәселелер анықталды. Атап айтқанда, кейбір жағажайларда санитариялық-гигиеналық тораптар, душ кабиналары, қоқыс жәшіктері, арнайы белгілер мен қоршаулар жоқ; су көліктеріне бақылау жеткіліксіз; құтқару мұнаралары мен ақпараттық құралдар тапшы. Қауіпсіздікке қойылатын негізгі талаптар сақталмай отыр.

– Туристер ағынының артуына қарамастан, бірқатар курортты өңірде қызмет көрсету деңгейі заман талаптарына сай келмейді. Министрлік «Туристік қызмет туралы» Заңға міндетті стандарттар енгізу, өкілеттіктерді кеңейту және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған түзетулер әзірлеп жатыр. Бұл қауіпсіздік, жайлылық пен жоғары деңгейдегі қызметті жүйелі түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді Мырзабосынов.

ТАПСЫРМАЛАР

Тексеру нәтижесі бойынша бірқатар нақты тапсырма берілді:

  • Жағажай аумағындағы санитариялық жабдықтауды күшейту;
  • Қосымша қоқыс контейнерлерін сатып алу;
  • Қауіпсіз шомылу аймақтарын нақты белгілеп, арнайы белгілер желісін ұзарту;
  • Киім ауыстыратын орындар, душ кабиналары және басқа да абаттандыру элементтерін орнату мүмкіндігін қарастыру;
  • Белсенді демалыс аймақтарын ұйымдастырып, көлеңке тенттер орнату;
  • Құтқару мұнаралары мен суға қауіпсіз кіруге арналған баспалдақтар санын көбейту;
  • Жағажай аумағына ақпараттық стендтер мен сызбалы карталар орнату.

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша жергілікті атқарушы органдарға нақты мерзім белгіленді. Министрлік бұл тапсырмалардың орындалуын қайта тексеруді жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары