×
520.93
609.07
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.93
609.07
6.68

Мұрат Есжан: Қазақша субтитр жай ғана талапты орындау үшін жасалады

13.07.2025, 11:45
Мұрат Есжан: Қазақша субтитр жай ғана талапты орындау үшін жасалады
Мұрат Есжанның Instagram-парақшасынан

Режиссер, сценарист Мұрат Есжан Qogam dauysy подкастында қазақ тіліндегі субтитр сапасының сын көтермейтінін айтып, бұл мәселенің салғырт қаралып жатқанын сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мұрат Есжанның айтуынша, қазіргі сериалдар мен фильмдерде тіл мәселесі мүлде назардан тыс қалып отыр. Оның пікірінше, кинотеатрда қазақша субтитрді оқып отырып, ұялатын жағдайлар жиі кездеседі. Себебі аударма шала, сауатсыз, мектептегі білім деңгейіндегі адам аудара салғандай әсер қалдырады.

— Бұл жерде әркім өз білгенінше істей берсін деп айта алмайсың ғой. Осы мәселені айтсаң, бірден “қазақша сөйлешник” болып шығасың. Олай болмауы керек қой, — дейді ол.

Режиссер қазақша субтитрдің қазіргі таңда тек заң талабын орындау үшін жасалатынын, шынайы қажеттілік пен құрмет жоқ екенін атап өтті.

— Оны жасап жатқан адамдардың өзі “Әй, әйтеуір тұр ма, тұр” деп қарайды. Ал мен қазақша субтитр болмаса, фильмді мүлде түсінбейтін адамдарды білемін, — дейді Мұрат Есжан.

Мұның алдында Мәжіліс депутаты орыстілді азаматтарды мемлекеттік тілді үйренуге көбірек көңіл бөлуге үндегенін жазған едік. Ол қазақ тілін меңгеру — жеке даму мен қоғамдық келісімді күшейтудің маңызды жолы екенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін желіде заңгер Ержан Есімхановтың қазақ тілінде сөйлейтіндерге қатысты жазбасы қызу талқыға түсті. 

Ол Threadste-те көне тілдерде мәтіндерді қалпына келтіріп, ерекше контент жасайтын Arum Natzorkhang есімді блогер туралы пікір білдіріп, қазақша сөйлейтін адамдарды мысқылдаған.

Серіктес жаңалықтары