×
520.93
609.07
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.93
609.07
6.68

Иран президенті Тегеранға жасалған шабуыл кезінде мерт бола жаздады

13.07.2025, 16:51
Иран президенті Тегеранға жасалған шабуыл кезінде мерт бола жаздады
AP Photo / Vahid Salemi

Иран президенті Масуд Пезешкиан мен бірнеше жоғары лауазымды шенеунік Тегеранда Израиль шабуылы кезінде жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Fars агенттігінің мәліметінше, 16 маусым күні таңертең шабуыл елдің Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің отырысы кезінде жасалған.

— Ғимараттың кіреберісі мен шығаберісіне алты бомба немесе зымыран атылды. Бұл эвакуация жолдарын жауып, ішке ауа кіруін тоқтату үшін жасалған, — делінген жарияланған ақпаратта.

Агенттіктің хабарлауынша, шенеуніктер алдын ала дайындалған төтенше шығатын люк арқылы қашып құтылған.

Алайда президент Масуд Пезешкиан мен бірнеше жоғары лауазымды тұлға жарақат алған. Дәрігерлер жарақаттарды “жеңіл” деп бағалап отыр.

Масуд Пезешкиян – Иран Ислам Республикасының қазіргі президенті. Ол 2024 жылы шілде айында өткен сайлауда жеңіске жетіп, реформашыл бағытты ұстанатын саясаткер ретінде танымал. Медицина саласында білім алған, ұзақ жылдар бойы парламент мүшесі болған.

Серіктес жаңалықтары