Бішкек қаласында қазақ қыздарын қорлаған ер адам ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы ІІМ мен ҰҚМК бірлесіп хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ресми ақпаратқа сәйкес, 7 шілдеде әлеуметтік желіде қазақ әйелдеріне қатысты бейәдеп сөздер айтылған видео жарияланған. Видеода ұлтаралық тақырып қозғалып, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын, ұлтына байланысты кемсітетін пікірлер айтылған.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС
Аталған дерек бойынша Бішкек қалалық ІІБ тергеу қызметі Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 330-бабы «Нәсілдік, этностық, ұлттық, діни немесе өңіраралық алауыздықты қоздыру» бойынша қылмыстық іс қозғап, кешенді лингвистикалық және діни сараптама тағайындаған.
ТЕРГЕУ
Тергеу барысында 1987 жылы туған Б.С. есімді азамат Бішкек қалалық ІІБ мен Қырғызстанның ҰҚМК қызметкерлері тарапынан ұсталып, қалалық тергеу басқармасына жеткізілді. Кейін Свердлов аудандық сотының шешімімен ол Бішкектегі №1 тергеу изоляторына бір айға қамауға алынды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.