×
520.93
609.07
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.93
609.07
6.68

Қазақ қызы Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында гран-при иеленді

Бүгін, 10:53
Қазақ қызы Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында гран-при иеленді
Фото: жеке архив

Қазақстандық Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында гран-при иеленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАЙҚАУ

10–13 шілде аралығында Беларусь Республикасында «Витебскідегі Славян базары» XXXIV Халықаралық өнер фестивалі өтті. Қазақстан атынан байқауға Жетісу облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншісі Алмагүл Батталиева қатысты.

Финалда әнші «Вечность» композициясын орындап, көрерменді талантымен тәнті етті. Көпшіліктің көңілінен шығып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Өнерпаз екі байқау күнінің қорытындысы бойынша 137 ұпай жинап, фестивальдің Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

АЛМАГҮЛ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Алмагүл Батталиева – Алматы қаласының тумасы, дарынды жас әнші. Ерте жастан вокалдық қабілеті анық байқалған. 14 жасында П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне оқуға түскен. Сонымен қатар Алмагүл бірнеше аспапты – аккордеон, фортепиано және укулелены еркін меңгерген.

- Алмагүл – тек шебер орындаушы ғана емес, сахнаға деген құрметі мен жауапкершілігі мол өнерпаз. Ол «Жас Қанат – 2023» фестивалі, «Алматым жүрегімде» халықаралық байқауы сынды беделді музыкалық жарыстарда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кәсіби шеберлігін бірнеше мәрте дәлелдеген. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Алмагүл Батталиеваны «Славян базары» фестиваліндегі жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтайды. Бұл жетістік – оның өнер жолындағы ізденісі мен дарынының айқын көрінісі, делінген мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасында. 

Серіктес жаңалықтары