×
524.24
612.94
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.24
612.94
6.68

Қазақстанда АЭС құрылысының құны қашан белгілі болады

Бүгін, 15:00
Қазақстанда АЭС құрылысының құны қашан белгілі болады
Ulysmedia.kz коллажы

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр үкіметтегі баспасөз мәслихатында атом электр станциясының құрылысына кететін нақты шығындар желтоқсан айында белгілі болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Вице-премьердің айтуынша, техникалық-экономикалық негіздеме осы жылдың желтоқсанында аяқталады деп жоспарланған.

- Құны шамамен 14 миллиард доллар болуы мүмкін. Мұны Атом энергиясы агенттігінің өкілдері бұрын айтқан. Бірақ нақты сома техникалық-экономикалық негіздеме әзірленгеннен кейін нақтыланады. Қаржыландыру, оның пайыздық мөлшерлемесі және басқа да тетіктер қосымша қаралатын болады, – деді Роман Скляр.

Ол сондай-ақ бұл шығындар мемлекеттік қарызға салмақ түсірмейтінін атап өтті. Жоба коммерциялық сипатта болады, яғни станция өзін-өзі қаржыландыруы тиіс.

Сол отырыста премьер-министр Олжас Бектенов те сөз сөйлеп, станция құрылысына отандық қосалқы мердігерлерге басымдық берілетінін айтты.

- Дегенмен нақты сомаларды қазір айту мүмкін емес, себебі жобалық-сметалық құжаттама әлі дайын емес. Құжаттар дайын болған кезде, нақты деректер де белгілі болады. Сол кезде жариялай аламыз, – деді ол.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда АЭС салу бойынша үкіметаралық келісімге жыл соңына дейін қол қойылатыны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары