×
524.24
612.94
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.24
612.94
6.68

Сарапшы Қазақстанда баспана қаншалықты қымбаттайтынын айтты

Бүгін, 15:47
Сарапшы Қазақстанда баспана қаншалықты қымбаттайтынын айтты
Ulysmedia.kz коллажы

Сарапшы қайталама нарықтағы жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сарапшы Олжас Байділдинов Жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне инфляция мен салық реформасы әсер ететінін айтты.

– Инфляция, салықтардың өсуі және бастапқы нарыққа ҚҚС енгізілгенін ескерсек, бұл – заңды құбылыс. Үкімет тарапынан күрт қымбаттау күтіліп отырған жоқ. Менің болжамым бойынша, әртүрлі өңірлерде қайталама нарықтағы баспана бағасы 5–10% шамасында өсуі мүмкін, – дейді Байділдинов.

Баспана бағасының нақты қашан өсетіні туралы сарапшы нақты уақыт межесін атаған жоқ.

КОНТЕКСТ

Қазақстанда тұрғын үймен жасалатын мәмілелер саны екінші ай қатарынан азаюда. Маусым айында 33 273 мәміле тіркелген, бұл мамырмен салыстырғанда 2,1%-ға аз.

Серіктес жаңалықтары