Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлыда оқушылардың жаппай улануынан кейін қандай шаралар қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Облыс әкімінің сөзінше, бұл жайттан кейін барлық мектепте тексеріс жүргізілген.
– Мұндай жағдай Мұнайлыда да болды. Өте өкінішті. Президент үнемі «балаларға қамқор болу керек» деп айтады. Ал бізде осындай сорақылықтар орын алды. Барлық мектепті тексердік, көптеген заңбұзушылықтар анықталды. Оның ішінде антисанитарлық жағдай, жалған құжаттар, дайындықсыз персонал. Кейбір жерде шұжық тоңазытқышта емес, қорапта сақталған. Бәрі құжатпен тіркелді, суреттері бар. Барлық дерек бойынша шара қабылданды, кінәлілер жазаланды, дейді Нұрдәулет Қилыбай.
ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНДЫ
– Біріншіден, талап күшейтілді. Бұл секілді жағдайларды мемлекет кешірмейтінін көрсеттік. Екіншіден, бәріміз адамбыз, бір жерде қателік болуы мүмкін. Осыған байланысты пилоттық жоба бастадық. Яғни, бір мектептің асханасына бейнебақылау камераларын орнаттық. Оған тамақ дайындау аймағы, ыдыс жуу орны мен асхана кіреді. Бұл камералар түсірген бейнежазбаны білім басқармасы, прокуратура және білім сапасын бақылау департаменті көре алады, дейді облыс басшысы.
Сұқбаттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыздар.