×
525.87
614.37
6.72
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
525.87
614.37
6.72

250 миллионға жасалған Орал қаласының бас жоспарынан дау шықты

Бүгін, 11:33
250 миллионға жасалған Орал қаласының бас жоспарынан дау шықты
Скриншот

250 миллион теңгеге жасалған Оралдың бас жоспарының үш томында Қарағанды және Семей қалаларының көшелері мен ескерткіштері, жер және су мәселелері көрсетілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Орал қаласының тұрғыны Данил Макатуха Орал қаласының жаңа бас жоспарының түсіндірме жазбасында Қарағанды мен Семей туралы мәліметтер жазылғанын байқаған. Оның айтуынша, үш томда осы қалалардағы проблемалар - жер мен су қорғау аймақтарынан бастап, ескерткіштер, көне ғимараттар және жол қозғалысын ұйымдастыруға дейінгі мәселелер егжей-тегжейлі сипатталған. Ол бұл жөнінде 15 шілдеде өткен қоғамдық тыңдауда әкімдік өкілдеріне айтқан.

– Сіздерде әдемі презентациялар, слайдтар бар, өте әдемі сөйлейсіздер, қаламыздың даму перспективалары туралы айтасыздар. Бірақ мен сіздермен үш томдықтың түсіндірме жазбасын талқылағым келеді. Өте қызық жұмыс! Республикалық маңызы бар мәдени ескерткіштер тізімі: олардың тек үшеуі Орал қаласында орналасқан, қалғандары Семейде. Сіздер бұл ескерткіштерді Оралға көшіруді жоспарлап отырсыз ба?, – дейді Макатуха қоғамдық тыңдауда сөйлеген сөзінде.

Видеоның толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыз.

Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған Орал қаласы әкімінің орынбасары Азамат Хәлелов «техникалық қателік» кеткенін айтып, әкімдік сайтында тұрған деректерді жаңартамыз деді. Бас жоспар жасаған компанияға шенеуіктер 250 миллион теңге қаржы жұмсаған.

 

 

Серіктес жаңалықтары