×
525.87
614.37
6.72
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
525.87
614.37
6.72

Сарапшы Ресейдің Қазақстандағы тағы бір жобасына күмән келтірді

Бүгін, 17:00
Сарапшы Ресейдің Қазақстандағы тағы бір жобасына күмән келтірді
Ашық дереккөзден

Мұнай өндіру саласының сарапшысы Олжас Байділдинов Атырау облысында ресейлік «Татнефть» компаниясы салуды жоспарлап отырған бутадиен зауытына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жобаны 2027 жылы іске қосу көзделіп отыр, алайда сарапшы бұл мерзімге күмән келтіреді. Оның айтуынша, зауытты 2028–2029 жылдан ерте салу мүмкін емес. Құрылыс аяқталғаннан кейін де іске қосып, толық табыс әкелуіне біраз уақыт қажет.

Екінші мәселе – жобаның құнына қатысты. Сарапшы зауыт құрылысы еуропалық және қытайлық жабдықтарды пайдалануға байланысты екі есе қымбаттап кетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

– Бұл ретте шикізат мәселесі де өзекті. Атырау облысындағы Теңіз мұнай-газ кен орны бойынша келісімшарт 2033 жылы аяқталады. Қазақстан келісімді ұзарту жөнінде қандай шарттармен қайта келіссөз жүргізеді? Бұл әзірге алыс перспектива. Егер зауыт 2028–2029 жылдары іске қосылса, ол жаңа шарттар қайта қаралғанға дейін шамамен 4–5 жыл жұмыс істей алады. Сонымен қатар, «Теңізшевройл» компаниясымен жасалған келісімге сәйкес, келіссөздер келісім мерзімі аяқталғанға дейін бес жыл бұрын, яғни 2028 жылы басталуы тиіс. Бірақ бейресми түрде бұл келіссөздер қазірдің өзінде жүріп жатқаны анық, – деп келтіреді сарапшының сөзін Бизнес Online.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Бұған дейін Атырау облысында тағы бір ресейлік жоба қолға алынатынын хабарлаған едік. 

Серіктес жаңалықтары