×
532.74
617.23
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
532.74
617.23
6.77

Қазақстан СІМ Азаттық радиосымен бітімге келуден бас тартты

Бүгін, 09:24
Қазақстан СІМ Азаттық радиосымен бітімге келуден бас тартты
ulysmedia коллажы

Сотта Қазақстан сыртқы істер министрлігі Азаттық радиосымен бітімге келуден бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Азаттық радиосының мәліметінше, сотта судья сыртқы істер министрлігі өкілінен «мәселені бейбіт түрде шешу мүмкіндігі бар ма?» деп сұраған. Оған ведомство өкілі «жоқ, себебі өкілдікте істейтін журналистердің ереже бұзғаны анықталды» деп жауап берген.

Сотта Азаттық радиосының мүддесін қорғап жатқан адвокат Лилия Чаусованың сөзінше, бітім процесі ұзаққа созылмаған. Істі судья Алпысбаева қараған. Енді іс негізгі сотқа жөнелтіледі.

Бұған дейін 16 тілшісіне аккредитация ала алмаған Азаттық радиосы сыртқы істер министрлігін сотқа берген. Басылым соттан аккредитация бермеген немесе аккредитация мерзімін ұзартпаған Қазақстан СІМ-нің шешімін заңсыз деп танып, күшін жоюды сұраған.

Сыртқы істер министрлігі аккредитация бермеу себебін «Азаттық радиосы тілшілері тиісті аккредитациясыз жұмыс істеді» деп түсіндірген.

Азаттық радиосы Қазақстан заңы талаптарын орындай отырып, аккредиттеу туралы өтінішті алдыңғы мерзім аяқталардан екі ай бұрын, яғни уақтылы бергенін, бірақ министрлік нақты себебін айтпастан, өтінішті қарау мерзімін тағы екі айға ұзартқанын айтқан.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұған дейін де «Азаттық» радиосының журналистеріне аккредитация беруді бірнеше рет кешіктірген. 2024 жылы қаңтарда «RFE/RL-Қазақстан» СІМ сотқа берген. Кейіннен тараптар медиациялық келісімге келген. Журналистерге аккредитация берілген.

Серіктес жаңалықтары