×
460.8
541.21
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
460.8
541.21
6.13

Қазақстан мен Кувейт cыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

08.03.2026, 17:08
Қазақстан мен Кувейт cыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Кувейт Мемлекетінің сыртқы істер министрі шейх Жаррах Жабер әл-Ахмад Ас-Сабахпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Сұхбат барысында тараптар аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай жөнінде пікір алмасты.

Ермек Көшербаев өңірдегі қауіпті әскери эскалацияға байланысты алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның ұстанымын жеткізді және қақтығысты халықаралық құқық қағидаттарына сай дипломатиялық жолмен реттеудің маңыздылығын атап өтті.

Сұхбат нәтижесінде саяси ведомстволар басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға бейілділігін растады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан және Мысыр сыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы жағдайды талқылаған еді.

Серіктес жаңалықтары