×
532.74
617.23
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
532.74
617.23
6.77

Тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедияровтың YouTube арнасы жабылды

Бүгін, 11:36
Тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедияровтың YouTube арнасы жабылды
Фото: Ашық дереккөзден

Тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедияров әлдекімдердің шағымынан кейін «Просто журналистика» You Tube арнасы жабылғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Тәуелсіз журналист, «Просто журналистика» You Tube арнасының авторы Лұқпан Ахмедияров әлдекімдердің авторлық құқыққа қатысты шағымынан кейін арнаның жабылғанын хабарлады. Оның сөзінше, кейінгі бір аптада арнаға бірнеше рет кибершабуыл жасалған. Бұл соның жалғасы дейді ол.

– Олар біздің You Tube-тың өзі ұсынған тегін музыканы пайдаланған бірнеше рилсімізді таңдап алған. You Tube-та өздерінің арнасын ашқан. Бұл арна осы музыканы өзіне жүктеп, авторлық құқық рәсімдеген. Сосын біз музыканы пайдаланған үш рилске шағым түсірген. You Tube бізге үш страйк шығарып, біздің «Просто журналистика» арнамызды өшіріп тастады. Ең қызығы осыдан кейін тырнақша ішіндегі музыканың авторлық құқығына ие арна да өшірілді. Біздің You Tube арнамызбен осындай түсініксіз жағдай болды, – деді Лұқпан Ахмедияров Facebookжелісінде жариялаған видеода.

Кибершабуыл

8 шілдеде Лұқпан Ахмедияров «Просто журналистика» арнасының Instagram парақшасы жойылғанын, оның орнына жобаның белгісі мен видеосы бейнеленген Justjournalism.official парақшасы пайда болғанын, жеке парақшасына да шабуыл жасалғанын айтқан.

Қылмыстық іс

Бұған дейін Лұқпан Ахмедияровтың үсінен қылмыстық іс қозғалған. Кейіннен журналистің үстінен арыз жазған оралдық әйел шағымды полицияның қысымынан кейін бергенін айтқан. Ахмедияров өзіне жасалып жатқан қысымды журналистік қызметімен байланыстырады. Ол кейінгі кездері Украинада соғыста қаза тапқан қазақстандықтар туралы материалдар дайындаған.

Серіктес жаңалықтары