×
533.61
621.07
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
533.61
621.07
6.78

Полковниктің ұлы: Ақтөбеде қаза тапқан курсант туралы не белгілі

Бүгін, 14:39
Полковниктің ұлы: Ақтөбеде қаза тапқан курсант туралы не белгілі
Pixabay.com

Ақтөбе облсында оқу-жаттығу кезінде парашютпен секірген 18 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қайғылы жағдай Сарыжар әуежайында болған. Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтының 18 жастағы курсанты Бақыт Асарбаев оқу-жаттығу кезінде қаза тапты. Оның парашюті ашылмай қалған.

ҚАЗА ТАПҚАН КУРСАНТ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ?

Бақыт Асарбаев әскери отбасында тәрбиеленген – әкесі Астанадағы әскери бөлімдердің бірінде полковник қызметін атқарады. Марқұмның ағайындары да – әскерилер.
Тамыз айында Бақыт 19 жасқа толар еді.

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ НЕ ДЕЙДІ?

Қорғаныс министрлігі Бақыт Асарбаевтың мәйітін Астанаға жеткізуді өз мойнына алды және қажетті басқа да көмек көрсетілетінін хабарлады.

Курсантың қаза болуына байланысты қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Бақыт Асарбаевтың туған-туыстарына көңіл айтты.

Серіктес жаңалықтары