×
533.61
621.07
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
533.61
621.07
6.78

Саясаттанушы ел ішіндегі жасандылық пен сенім дағдарысын сынады

Бүгін, 08:44
Саясаттанушы ел ішіндегі жасандылық пен сенім дағдарысын сынады

Саясаттанушы Ерік Ілиясов қоғамда шындық пен шынайылықтың орнын жасандылық пен көзбояушылық басып алғанын айтып, елдегі ахуалды өткір сынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Саясаттанушы, тәуелсіз сарапшы Ерік Ілиясов елдегі кейінгі жаңалықтар мен атышулы істерге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда қоғамдағы көп нәрсе шынайылықтан алыс, ал мазмұн мен сөздің арасында алшақтық бар.

— Елдегі жаңалықтарды бір сөзбен сипатта десе, “өтірік” дер едім. Сөзге іс, мазмұнға қисын сәйкес келмейді, — деді ол.

Ілиясов кейінгі кезде жұрттың талқысына түскен алаяқтық ісі белгілі болған Перизат Қайрат ісі бойынша ойын бөлісті. Ол бұл процесте де шынайылық аз, дәлелдер әлсіз, ал сот процесінің сапасы көңіл көншітпейтінін айтты.

— Ұйқассыздық көп. Сол баяғы іске аспайтын арзан дәлелдер мен люкс заттар туралы қайталап жаза беріпті. Сот процесінің деңгейі де төмендеу. Жасандылық бірден байқалады. Қыз да, шешесі де, айналасындағылардың бәрі қазақы. Тілдерін күрмелеп, орысша әрең сөйлеп…

Сарапшының айтуынша, жалған диплом мәселесі де кең таралған.

— Диплом туралы. Араларыңызда ондайлар көп. Мойындаңыздар! Небір түйіндемелер алдымнан өтті. Екінің бірі Гарвард, Женева т.б. Қашан оқып үлгергендерін байқамайсың.

Ол сондай-ақ атышулы қоғамдық қор туралы пікірін де еске салды.

— Қоғамдық қор жөнінде былтыр наурыз айында жазып едім ғой. Ойыншық емес деп. Егер айыптаулардың бәрі рас болса, бұл үкіметке, басшыларға, жарнамасын жасаған бүкіл телеарнаға сын. “Clearance, monitoring” деген нәрселер бар. Қоғамдық ұйым, грант, ақша деген ұғымдардың қасында бірге жүреді… Мысалы, ірі банк ақша беріп, онлайн платформа жасап беріп, қайда қарап отырған?

Ілиясовтың пікірінше, Перизат Қайрат ісі қоғамға үлкен сабақ болуға тиіс.

— Перизат Қайрат ісіне рақмет. Біраз адамның көзін ашты. Енді әркім бастығына, айналасына, ал бастықтар қарамағындағыларына абайлап қарап жүреді, — деді сарапшы.

Сарапшы былтырғы жаңалықтарды қайта қарап, көп нәрсенің ашық көрінетінін де атап өтті.

Серіктес жаңалықтары