×
533.61
621.07
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
533.61
621.07
6.78

Қазақ хиттерінің авторы Англияда фермада жұмыс істеп жүр

Бүгін, 11:45
Қазақ хиттерінің авторы Англияда фермада жұмыс істеп жүр
instagram.com/nurzat_raxatov/

Қазақ композиторы Нұрзат Рахатов Ұлыбританияда фермада жұмыс істеп, табыс тауып жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Нұрзат Рахатовпен бейнежазбаны әлеуметтік желіде блогер Данияр Біләлов жариялады. Оның айтуынша, ол Ұлыбританиядағы фермада қазақ азаматымен танысқан. Нұрзат Рахатов алғаш рет Қазақстаннан табыс табу мақсатында 2024 жылғы мамырда кеткенін айтты.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Мектепте мұғалім болып жұмыс істедім, бірақ Қазақстанда мұғалімдердің қанша жалақы алатынын білесіздер. Айлық аз, ал отбасымда жыл сайын көбейіп жатыр. Қосымша табыс көзін іздедім. Кездейсоқ Англиядағы маусымдық жұмыс туралы хабарландыруды көріп, 2024 жылы келдім, – деді ол.

Сондай-ақ, Рахатов бос уақытында ән жазумен айналысатынын және қатты шаршағанына қарамастан сүйікті ісін жалғастырып жатқанын айтты.

Блогер әріптестерінің оның шетелде фермада жұмыс істеп жүргенінен хабардар ма деп сұрады.

– Иә, біледі, видео арқылы байланысып тұрамыз, – деді ол.

Нұрзат Рахатов — "Сен маған массың", "Достарым менің золотой", "18 бен 25 қайтып келмейді", "Махаббат жоқ, жоқ деме, жаным" сияқты хиттердің авторы.

Серіктес жаңалықтары