×
533.61
621.07
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
533.61
621.07
6.78

"Адам өмірінен қағаз артық па?" Қарқаралыда фельдшер құжатсыз көмек үшін жұмыстан қуылды

Бүгін, 13:55
"Адам өмірінен қағаз артық па?" Қарқаралыда фельдшер құжатсыз көмек үшін жұмыстан қуылды
Ulysmedia коллажы

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық ауруханасында 100 миллион теңгенің ұрлығы әшкереленіп жатқанда, екінші жағынан, науқасқа шұғыл көмек көрсеткен фельдшер "құжат рәсімдемеді" деген себеппен қызметінен босатылды. Бұл оқиға қоғамда наразылық туғызып, жұрт бюрократияның адам өмірінен биік қойылғанына ашынып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қарқаралы аудандық ауруханасында медицина қызметкері Мәди Маханов қызметінен босатылды. Оның айыбы – шұғыл жағдайда науқасқа көмектесіп, кейін құжат рәсімдемеген. Бұл әрекеті үшін оны бірден жұмыстан шығарған.

Мәди Маханов – зейнеткер Баян Хамзинаның жалғыз немересі әрі отбасының жалғыз асыраушысы. 

Баян Хамзина әділдік сұрап барлық мемлекеттік мекемелердің есігін қаққанымен, еш нәтиже шықпапты. Өзі 3-топ мүгедегі, балдақпен жүреді, ал жұбайы 1-топ мүгедегі, екі көзі де көрмейді. 

Оның айтуына қарағанда, Қарқаралы аудандық ауруханасында заңсыздық жайлаған, соның кесірінен немересін 1,5 ай бұрын жұмыстан шығарып жіберген. 

– Қайда барады бұл бала? Қолында дипломы бар, дені сау. Қалаға барайын десе, үйі жоқ. Ешқандай мүмкіндік жоқ. Қайда барамыз? Біздің даусымызды кім естиді? Біздің жоғарыда “көкеміз”, қолдайтын ешкіміміз жоқ, – дейді зейнеткер.

Баян Хамзина Қарағанды облысының әкімдігіне де қаншама рет барып, кіре алмағанын айтып отыр.

– Тоқаевқа барамын дедім, құр менікі қиял. Қайда барамын? Жете алмаймын. Тоқаевқа барғанда да тікелей кіре аламын ба?, – дейді ол.

Ауруханада болып жатқан бұл әділетсіздік әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Жұрт “қағаз адам өмірінен маңызды болғанда, бұл енді медицина емес – бюрократизм” деп наразылық білдіріп жатыр. Әсіресе, дәл осы аурухананың өзінде 100 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырылғаны туралы тергеу жүріп жатқан сәтте, науқасқа көмектескен фельдшерді жазалау қоғамның ашуын туғызды.

Серіктес жаңалықтары