×
533.61
621.07
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
533.61
621.07
6.78

Маңғыстау облысында жүргізушілер жалақыны көтеруді талап етті

Бүгін, 11:55
Маңғыстау облысында жүргізушілер жалақыны көтеруді талап етті
Видео кадры

Маңғыстау облысында қалаішілік және ауданаралық бағыттардағы жүргізушілер жалақыны көтеріп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, рейстерге шығудан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Lada.kz мәліметінше, 21 шілде күні таңертең Ақтау мен аудандардың тұрғындары автобустарсыз қалды, жүргізушілер рейстерге шықпаған. 80% қызметкердің наразылығы білдірген. Олардың айтуынша, қызметкерлер бірнеше рет “Caspian Trans Corporation” ЖШС, “Каспий Авто Парк” ЖШС, сондай-ақ облыс әкімдігіне, еңбек инспекциясына және қалалық прокуратураға жүгінген.

ТАЛАПТАР

Жүргізушілер жалақыны көтеру, еңбек жағдайын жақсарту және толық әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету деген секілді нақты талаптар қойған. 

– Біз шаршадық, басшылық бізге құлақ аспайды. Тіпті тапқан ақшамызды бухгалтериядан әр жолы сұрап алуымызға тура келеді. Ауырсақ ақылы демалыс төленбейді, жұмыс істеуге жағдай жасалмаған, тіпті дәретхана да жоқ. Таңғы бестен кешке дейін жұмыс істейміз. Әлеуметтік пакет те жоқ. Бүгін қалаішілік және ауданаралық бағыттарға жүргізушілер шыққан жоқ, – деді жүргізушілердің бірі.

Наразылық білдірушілерге тасымалдаушы компаниялардың басшылығы мен прокуратура өкілдері келді. Қазіргі таңда жүргізушілермен келіссөздер жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары