2025 жылғы қыркүйекте Байқоңырда ұшуға арналған жолдамалардың басым бөлігін ресейлік VIP-туристер сатып алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
«Роскосмос» Байқоңырға тур-бағдарлама әзірлеген. Бағдарламаға Мәскеуден чартерлік рейспен ұшу, ғарыш айлағы аумағында тұру, музей кешені мен тарихи нысандарға экскурсиялар, «Энергия-Буран» ұшыру кешені мен басқару пунктіне бару кіреді. Сапардың басты сәті – зымыран ұшырылымын одан шамамен 2 шақырым жердегі арнайы жабдықталған нүктеден бақылау.
– Байқоңырға арналған турлар жағажайлық бағыттармен немесе дәстүрлі экскурсиялық сапарлармен бәсекелеседі деп күтпейміз. Бұл мүлде ерекше өнім, ол туристерге өзгеше эмоциялар сыйлайды. Байқоңырда бес жұлдызды қонақүйлер мен жоғары деңгейдегі сервис жоқ, есесіне адамдар адамзат қолымен жасалған шынайы ғажапты көріп, ұлы дүние мен тарихқа жақындай алады, – дейді «Роскосмос» серіктесі саналатын туроператордың жетекшісі Евгения Конколь.
БАҒАСЫ
Бір адамға арналған тур құны – 450 мың рубль (22 шілдедегі бағам бойынша 3 миллион теңгеден сәл асады). Қауіпсіздік және жайлылық мақсатында 14 жасқа дейінгі балаларға бұл турға қатысуға рұқсат етілмейді, өйткені бағдарлама ұзаққа созылатын серуендер мен көлікпен жүрулерді қамтиды – бұл кішкентай саяхатшылар үшін тым ауыр болуы мүмкін.