×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Ревакциналау: Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді

22.01.2022, 12:47
Ревакциналау: Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
Фото: Ашық дереккөзден

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасына «Спутник Лайт» вакцинасының 12 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«Спутник Лайт» вакцинасы, ревакцинациялауға, яғни, толық иммундау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта вакцинациялауға арналған. Вакцина осы жылдың 24 қаңтарынан бастап қаланың барлық емханаларында халыққа қолжетімді болады.

Ревакцинациялау вакцинаның толық курсынан кейін 6 айдан ерте жүргізілмейді. Спутник Лайт – бұл векторлы вакцина, оның құрамы Спутниктың бірінші компонентіне ұқсас. Вакцинаны минус 18 градустан сақтау режимде сақталады.

Алматыда ревакцинацияға арналған келесі вакциналар бар: QazVac, VeroCell және Спутник Лайт. Pfizer препаратымен тиісті контингент, сондай-ақ, 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлері ревакцинация жасай алады.