×
531.96
622.45
6.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
531.96
622.45
6.79

Қазақстанда жайлы өмір сүру үшін табысың қанша болуы керек

Бүгін, 17:10
Қазақстанда жайлы өмір сүру үшін табысың қанша болуы керек
Ulysmedia.kz коллажы

Сарапшылар ТМД елдеріндегі өмір сүру құнын салыстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Numbeo сараптамалық платформасының сарапшылары бірнеше елдің тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, өмір сүру шығындарын есептеген. Олар азық-түлік, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасын зерттеген.

ҚАЗАҚСТАН

Олардың шілде айына жасаған есебі бойынша, Қазақстанда бір адамның ай сайынғы негізгі шығындары (тұрғын үй жалдау құнын қоспағанда) 265 533 теңгені құрайды. Ал төрт адамнан тұратын отбасының шығыны 946 300 теңгеге дейін жетеді.

Мамандар бұл көрсеткішті Еуразиялық экономикалық одақтағы ең жоғарылардың бірі деп атады.

САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ

Ресей – 352 223 тг (отбасы үшін 1 242 203 тг)

Қырғызстан – 244 789 тг (875 374 тг)

Беларусь – 252 993 тг (897 139 тг)

Армения – 397 199 тг (1 412 038 тг)

КОНТЕКСТ

Сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтар "тамақ үшін жұмыс істейді". 2004 жылы үй шаруашылықтарының жалпы тұтынушылық шығындарының 45,7%-ы тамаққа жұмсалса, өткен жылы бұл көрсеткіш 55,4%-ға дейін өскен. Яғни, бір жыл ішінде азық-түлікке жұмсалатын үлес 10 пайыздық тармаққа артқан.

Серіктес жаңалықтары