×
531.96
622.45
6.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
531.96
622.45
6.79

«Украинаның Еуроодаққа қосылуын қиындатады»: Германия Зеленский қол қойған даулы заңды сынады

Бүгін, 18:38
«Украинаның Еуроодаққа қосылуын қиындатады»: Германия Зеленский қол қойған даулы заңды сынады
Фото: AP Photo / Markus Schreiber

Германияның сыртқы істер министрі Йоханн Вадефул Украинаның ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы мен арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратура өкілеттіктерін шектеуді көздейтін заң жобасын сынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

– Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарының тәуелсіздігін шектеу Украинаның Еуроодаққа қосылуын қиындатады. Мен Украинадан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің үздіксіз жалғасын күтемін. Сондықтан мен Киевте ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро және арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратура басшыларымен кездестім, – деді министр Вадефул.

ДАУЛЫ ЗАҢ

Жоғарғы Рада бір күн бұрын аталмыш заңды қабылдады. Парламент спикері Руслан Стефанчук оны Украина президенті Владимир Зеленскийге қол қоюға жіберген. Елдегі қарсылыққа қарамастан, даулы заң жобасына президент Владимир Зеленский қол қойған. Ол мұны Ресей ықпалынан құтылу деп атады.

Серіктес жаңалықтары