×
541.93
636.71
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.93
636.71
6.83

Әзербайжан мұнайының бағасы күрт арзандап кетті

24.07.2025, 10:00
Әзербайжан мұнайының бағасы күрт арзандап кетті
фото: mk.ru

BP Әзербайжан мұнайының сапасына қатысты мәселелер туындауы мүмкін екенін хабарлады, шикізаттан органикалық хлоридтер табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

BP компаниясы Әзербайжаннан жеткізілетін кейбір мұнай партияларында сапаға қатысты мәселелер туындауы мүмкін екені туралы ақпарат алғанын хабарлады. Шикізаттан органикалық хлоридтер табылған. Bloomberg мәліметінше, бұл егер мұнай құрамында едәуір мөлшерде болса, мұнай өңдеу зауыттары мен жабдықтарға зиян келтіруі мүмкін химиялық заттар. 

Қазіргі уақытта Әзербайжаннан Түркияға экспортқа мұнай жеткізілетін Баку — Тбилиси — Жейхан құбыры бойындағы инфрақұрылымның барлық учаскелерінде шикі мұнай сапасына баға беріліп жатыр.

САЛДАРЫ

Осы хабарламадан кейін италиялық Eni SpA компаниясы ластанған мұнай партиясын сатып алғанын, ал шикізаттың бір бөлігі өңдеуге жіберілгенін хабарлады. Компания шикізат барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өңделетінін мәлімдеді.

БАҒАЛАР

Bloomberg бұл мәселелер Әзербайжан мұнайы бағасына әсер ете бастағанға ұқсайтынын атап өтті. Трейдерлердің мәліметінше, осы аптада Azeri Light мұнайы екі партиясы 2020 жылдан бергі ең төмен бағаға сатылған.

АНЫҚТАМА 

Баку — Тбилиси — Жейхан мұнай құбыры — Каспий мұнайын Жерорта теңізі жағалауындағы Түркияның Жейхан портына тасымалдауға арналған құбыр. Құбырдың ұзындығы 1768 шақырым, ол үш елдің аумағынан өтеді: Әзірбайжан (443 км), Грузия (249 км) және Түркия (1076 км). Құбырдың өткізу қабілеті тәулігіне 1,2 млн баррель мұнайды құрайды.

КОНТЕКСТ

Қазақстан Баку — Тбилиси — Жейхан құбыры арқылы "қара алтын" тасымалдау көлемін 1,4 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары