×
541.93
636.71
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.93
636.71
6.83

Дәрігерлерге шабуыл жасағандар 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

24.07.2025, 10:48
Дәрігерлерге шабуыл жасағандар 15 жылға дейін сотталуы мүмкін
Ашық дереккөзден

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза күшейтіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін қатаң жаза қарастыратын жаңа бап енгізіледі.

Енді:

  • Қорқыту немесе күш қолдану қаупі төндіргендерге 2 жылға дейін бостандығын шектеу жазасы қарастырылады;
  • Бір медицина қызметкеріне күш қолдану – 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • Төтенше жағдай кезінде шабуыл жасау – 7 жылға дейін;
  • Бірнеше медицина қызметкеріне күш қолдану – 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғуы мүмкін.

Бұл нормалар бас прокуратура мен ішкі істер министрлігімен бірлесіп әзірленген.

– Дәрігерлерге шабуыл жасау – өте алаңдатарлық жағдайға айналды. Мен өзім медицинадағы еңбек жолымды мейірбике, кейін жедел жәрдем бөлімінде дәрігер болып бастадым. Ол кезде, 30 жылдан астам уақыт бұрын, мұндай оқиғалар мүлде болмайтын. Ал қазір біз мұндай жағдайларды ай сайын тіркеп отырмыз. Жағдай шын мәнінде күрделі, – деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

ДӘРІГЕРГЕ ШАБУЫЛ

17 шілдеде Қостанай облысында өз кезегін күтіп тұрған ер адам операциядан енді шыққан дәрігерді соққыға жыққан болатын

Серіктес жаңалықтары