Келер жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі шағын және орта бизнеске ауыр соққы болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Келер жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі шағын және орта бизнеске (ШОБ) ауыр соққы болады, деп жазады Digital Business.
Салықтық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Дмитрий Казанцев жаңа Салық кодексінің қабылдануына байланысты ШОБ нысандарының жабылады деп болжады. Алайда бұл жаппай сипатқа ие бола ма, ол жағын нақтыламаған.
– Қазір кәсіпкерлердің басым бөлігі бағаның кем дегенде 20%-ға өсетіні туралы айтып отыр. Өйткені мәселе тек ҚҚС мөлшерлемесінің 4%-ға өсуінде емес. Мұнда бәрі бір-бірімен байланысты: бұрын 3% төлеп келген 200–300 мың кәсіпкер жалпыға бірдей салық салу режиміне өтсе, енді олар табыс салығын да, ҚҚС-ты да төлеуге мәжбүр болады. Сонымен қатар, бухгалтер ұстауға кететін шығындар да қосылады. Соның салдарынан барлық нәрсе қымбаттай бастайды. Кейбір бизнестер рентабельділігін жоғалтады. Себебі мұнша салықты төлеп, жеңілдіктер қарастырылмаған жағдайда жұмыс істеу тиімсіз болып қалады. Сол себепті компаниялардың жабылуы түріндегі кері кету, шынымен де, болуы мүмкін, – дейді сарапшы.
ЗАҢГЕР НЕ ДЕЙДІ
Бұған дейін Ulysmedia.kz осы мәселені салық заңгері Екатерина Киммен бірге талдап көрген болатын.