×
541.93
636.71
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.93
636.71
6.83

Назарбаев дүниежүзінің ең бай адамдар рейтингісіне кірді

24.07.2025, 16:09
Назарбаев дүниежүзінің ең бай адамдар рейтингісіне кірді
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ең бай көшбасшылар рейтингіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Brand Vision агенттігі әлемдегі ең бай саясаткерлер рейтингін жариялады. Тізімнің көшін Ресей президенті Владимир Путин бастады. Оның байлығы 200 миллиард доллардан астам деп бағаланған.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл тізімде 8-орынға жайғасты. Басылымның мәліметінше, оның 1–2 миллиард доллар шамасындағы байлығы энергетика, жылжымайтын мүлік және саяси байланысы бар конгломераттармен байланысты.

– Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды дербес мемлекет ретінде басқарған отыз жылға жуық уақытта елді кеңестік республикадан мұнай державасына айналдырды. Дәл нақты сома белгісіз, дегенмен оның жеке байлығы 1–2 миллиард доллар аралығында деп есептеледі. Бұл қаржы банктік сектор, жылжымайтын мүлік және энергетика салаларындағы отбасы үлестерімен байланысты. Оның ұзақ жылдық билігі мен мемлекеттік кәсіпорындармен тығыз байланысы оның саяси әрі қаржылық ықпалын күшейтуге мүмкіндік берді, – делінген жарияланымда.

РЕЙТИНГ

Brand Vision агенттігінің бағалауына сәйкес, ең бай он саяси тұлғаның тізімі келесідей:

Владимир Путин (Ресей президенті) – 200 млрд доллардан астам

Хассанал Болкиах (Бруней премьер-министрі) – 50 млрд доллар

Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум (БАӘ премьер-министрі) – 20 млрд доллар

Махатхир Мохамад (Малайзияның экс-премьері) – 3–5 млрд доллар

Сильвио Берлускони (Италияның экс-премьері) – 7–8 млрд доллар

Себастьян Пиньера (Чилидің экс-президенті) – 2,7 млрд доллар

Мұхаммед VI (Марокко королі) – 2,1 млрд доллар

Нұрсұлтан Назарбаев (Қазақстанның экс-президенті) – 1–2 млрд доллар

Дональд Трамп (АҚШ президенті) – 5,1 млрд доллар

Таксин Чинават (Таиландтың экс-премьері) – 1,6 млрд доллар.

КОНТЕКСТ

Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаевтар отбасы Қазақстаннан кеткен. Олардың Абу-Дабиден арал сатып алғаны туралы ақпарат тараған.

Серіктес жаңалықтары