Болат Назарбаевтың қызы, бұрынғы судья Гүлмира Әбішева 50 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
23 шілде күні Гүлмира Әбішева мерейтойын жоғары лауазымды адамдар мен әртістерді шақырып, дүркіретіп атап өткен.
– Қонақтардың айтуынша, мерекеде әнші Шамхан Далдаев, Алматы қаласы Алатау ауданы ПБ жанындағы ОП басшысының орынбасары Асет Көпешбаев және оның әріптесі Самат Берістемов, Алматыдан судья Саида Болат, Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасарының әйелі және басқалар болды, деп жазады "Письма президенту" Telegram-арнасы.
КОНТЕКСТ
Дереккөздің мәліметінше, Гүлмира Әбішева – мемлекетке 26 млрд теңге қарызы бар "GB Invest" ЖШС-нің құрылтайшысы. Бұған дейін Orda бұл компанияның кедендік құны төмендетілген тауарларды әкелудің орталықтандырылған схемасына байланысты Бас прокуратураның тергеуінде аталғанын жазған.
ОЛ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ
Гүлмира Әбішева – Болат Назарбаев пен Гүлжан Назарбаеваның қызы. Еңбек жолын бас прокуратурада бастап, кейін әділет органдарына, одан соң Алматыдағы жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасына ауысқан.
Ол сот жүйесінде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген: 2006 жылдан бастап Жетісу, Қарасай аудандық соттарын, сондай-ақ Алматы облысындағы Қарасай аудандық әкімшілік сотын басқарған.
Фото: Экспресс К
Кей деректерге сүйенсек, ол сот жүйесінен әкесінің сырқатына байланысты кеткен: Әбішева Дубайда Болат Назарбаевқа күтім жасаған. Бұған дейін біз елдің бұрынғы президентінің інісінің өмірі мен қазасы туралы егжей-тегжейлі жазған едік. Оның қайтыс болғаннан кейін мұрагерлер арасында мүлікке қатысты дау басталған.