Шетелдіктер Қазақстанда 600 млн долларға екі кәсіпорын салмақ. Әңгіме Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде жүзеге асырылатын екі ірі жоба туралы болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бірінші жоба түркиялық Tiryaki Agro компаниясының қатысуымен астықты терең өңдейтін кешен салу. Жоспарланған өндірістік қуаттылығы жылына 250 мың тонна өңделген бидай және 80 мың тонна бұршақ. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 160 млрд теңгені құрайды.
Екінші жоба – тағы бір түркиялық YDA Group компаниясының қатысуымен тыңайтқыш пен пестицид шығаратын агрохимиялық кешен салу. Бұл кешен жылына 150 мың тонна өнім өндіреді деп жоспарланған. Жобаның инвестициялық көлемі – 168 млрд теңге.
КОНТЕКСТ
Қазақстанда жыл сайын 16–17 миллион тонна астық жиналады, оның үштен бірі экспортқа шығарылады.