×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

Алматыда Марков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін, 14:42
Алматыда Марков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Pixabay.com

Алматыда Марков көшесінің кей учаскелері орташа жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше күнге көлік қозғалысына уақытша жабылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы әкімдігі Марков көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Осыған байланысты аталған көшенің екі бөлігі уақытша жабылады:

1-КЕЗЕҢ

26 шілде сағат 22:00-ден 27 шілде сағат 08:00-ге дейін — әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі аралық жабылады.

2-КЕЗЕҢ

27 шілде сағат 22:00-ден 28 шілде сағат 08:00-ге дейін — Тимирязев көшесінен Павлов көшесіне дейінгі бөлік жабылады.

Жөндеу жұмыстары кезінде жол бойында арнайы ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан қолайсыздықтардың алдын алу үшін бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары