×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

Қазақстан мен Өзбекстандағы жалақы: қай елде табыс көбірек

Бүгін, 15:20
Қазақстан мен Өзбекстандағы жалақы: қай елде табыс көбірек
oqu.news

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Өзбекстанның тек бір ғана өңірі Қазақстандағы жалақымен бәсекелесе алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өзбекстанның статистика комитетінің дерегі бойынша, 2025 жылғы қаңтар-маусым айларында бұл елдегі орташа айлық жалақы 5,9 миллион сом (шамамен 255 мың теңге) болған. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,2% өскен.

КӨШБАСШЫЛАР

  • Ташкент қаласы – жалақы көлемі ең жоғары өңір: 10,1 млн сом (шамамен 435 мың теңге, +18,8%).
  • Навои облысы – 7,4 млн сом (318 мың теңге, +13,4%).
  • Ташкент облысы – 5,6 млн сом (241 мың теңге, +15,3%).

САЛЫСТЫРУ ҮШІН

2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы орташа номиналды жалақы 423 133 теңге болды. Бұл үш ай ішінде 2,7% төмендегенімен, бір жыл ішінде 10,7% өскен.

 

Серіктес жаңалықтары