×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

Ақтөбеде ер адам мешітте әйелге "бір реттік неке" ұсынған

Бүгін, 09:49
Ақтөбеде ер адам мешітте әйелге "бір реттік неке" ұсынған
Видеодан алынған кадр

Ақтөбе тұрғыны мешітте өзін мазалаған ер адамға шағымданып, полиция тәртіп бұзушыны ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Оқиға әлеуметтік желілерде тараған видеодан кейін үлкен дауға ұласты. Ақтөбе тұрғыны мешітке келген ер адамның өзіне тиісіп, “бір реттік неке” ұсынғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, әлгі ер адам мешіт ғимаратынан шығуына кедергі келтіріп, интимдік жақындық үшін некеге тұруды ұсынған.

“Интимдік қарым-қатынас үшін “бір реттік некеге” отырайық деп қоймай қойды. Түрлі сөзбен көндірмек болды, қысым көрсетті”, – деп жазды қыз өз парақшасында, видеоны да қоса жариялады.

Желіде қызу талқыланған бұл жазба полицияның назарын аударды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе облысының полицейлері видео тарағаннан кейін ер адамның кім екенін анықтап, оны полиция бөліміне жеткізген.

Онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, мұндай әрекеттердің заңға қайшы екені түсіндірілді, — деді ІІМ өкілдері.

Ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 449-бабы, 2-бөлігі — “Қоғамдық орында тиісу” бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Серіктес жаңалықтары