×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түсті: қаза тапқандар бар

Бүгін, 08:00
Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түсті: қаза тапқандар бар
Коллаж: ulysmedia.kz

Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, даңқты спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы Жамбыл облысында ауыр жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Апат Алматы – Екатеринбург автожолының 296-шақырымында, Ақсуйек ауылы маңында болған. Toyota Land Cruiser тізгінінде UFC-дің танымал жекпе-жекшісі Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова отырған. Көлік салонында Рахмонованың ұлы және екі құрбысы болған.

ҚАЗА ТАПҚАНДАР

Оқиға орнында 39 жастағы З.А. қаза тапты. 35 жастағы А.С. ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

ӘЙЕЛІ МЕН БАЛАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ

Гүлайым Рахмонова мен 2022 жылы туған ұлы Шу қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды.

СҰХБАТ

Айта кетейік, бұған дейін Шавкат Рахмонов Ұлысмедиа алаңына эксклюзив сұқбат берген болатын. 

Серіктес жаңалықтары