×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

Ресей Киевті тағы да атқылады

Бүгін, 11:00
Ресей Киевті тағы да атқылады
Фото: Gleb Garanich/REUTERS

Ресей Киевті атқылады. Сегіз адам зардап шекті. Оның ішінде үш жастағы бала да бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

28 шілдеге қараған түні Ресей Киевті дрондармен шабуылдады. Қалалық әскери әкімшілік басшысы Тимур Ткаченко Дарницк ауданында әуе шабуылынан сегіз адам зардап шеккенін хабарлады. Зардап шеккендердің бірі үш жастағы балаға жарылыс жарықшақтары тиген. Төрт адам ауруханаға жатқызылған.

Ткаченконың сөзінше, шабуыл болған Драницк ауданында жарылыстан бірнеше үйдің терезесі сынған.

Киевте әуе дабылы шабуылға дейін іске қосылған. Ресей қорғаныс министрлігі шабылуға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Серіктес жаңалықтары