Тайланд пен Камбоджа атысты тоқтату туралы келісімге келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Куала-Лумпур қаласында Тайланд және Камбоджа премьер-министрлері Пхумтхам Вечаячай менХун Манет кездесті. Екі ел арасындағы атысты тоқтату туралы келіссөздерге Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагим арағайын болды.
– Екі тарап өз ұстанымдарын білдірді және атысты дереу тоқтатуға, деэскалацияға оралуға және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалпына келтіруге дайын болды, – деді Ибрагим журналистерге кездесуден кейін.
АДАМ ШЫҒЫНЫ
Әскери қақтығыс салдарынан екі Камбоджада 51 адам қаза болып, 57 адам жараланған. Ал Тайландта 8 әскери қызметкер мерт болып, 103 адам жараланған. Әскери қақтығыс аймағынан 139 мыңнан астам эвакуацияланған.
КОНТЕКСТ
Қақтығыс мамыр айының соңында камбоджалық сарбаз қаза болғаннан кейін басталған. Бұл оқиға шекарадағы әскери қақтығыс кезінде болған. Осыдан кейін қос тарап та шекарадағы әскери күшін күшейткен.
Таиланд пен Камбоджа 817 шақырымдық құрлық шекарасының бойындағы бірнеше нақты белгіленбеген аумақтар үшін ондаған жылдар бойы дауласып келеді. Даудың басты себебі — XI ғасырда салынған Та Моан Тхом мен Прэахвихеа индуистік храмдарына иелік ету мәселесі.