«ҚазАзот» кәсіп орнында болған төтенше жағдайда зардап шеккендердің бірі қаза болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Кәсіпорындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен "ҚазАзот" жұмысшысы қайтыс болды. Ер адамның қайтыс болғанын аймақтық еңбек инспекциясы расталды.
– Мұнайлы ауданының тұрғыны, кран машинисі болып жұмыс істеген 1968 жылы туған ер адам қайтыс болды. Оқиғаға байланысты комиссия құрылды. Ол болған жағдайға байланысты тергеу жүргізеді, – деп хабарлады Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті.
«ҚазАзот» кәсіпорнында төтенше жағдай 18 шілдеде болған. Компания сол уақытта бірнеше адамның зардап шеккенін хабарлаған. Бірақ төтенше жағдай нақты неден болғаны, қанша адам зардап шеккенін айтпаған.