×
546.36
630.44
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
546.36
630.44
6.7

Назарбаевтың тағы бір туысы Дубайдан пәтер сатып алған

30.07.2025, 11:00
Назарбаевтың тағы бір туысы Дубайдан пәтер сатып алған
Ulysmedia.kz коллажы

Назарбаевтың тағы бір туысы Дубайдан элиталық пәтер сатып алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

520 миллион теңгелік апартамент

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір туысы Ақмарал Есполованың Дубайдағы Paramount Tower тұрғын үй кешенінен элиталық пәтер сатып алғаны белгілі болды. Telegram-дағы «Выход к морю» арнасының мәліметінше, бұл пәтердің құны 3,5 млн дирхам, яғни шамамен 520 млн теңге. Ақпарат Дубайдағы жылжымайтын мүлік иелері туралы мәліметтердің ауқымды жариялануы нәтижесінде белгілі болған.

Ақмарал Есполова деген кім

Дереккөзге сүйенсек, Ақмарал Есполова - Әсел Құрманбаеваның әпкесі. Ал Әсел – Нұрсұлтан Назарбаевтың жары деп аталады. Екеуі белгілі академик Тлектес Есполовтың қыздары. Әсел анасының тегін алған.

Ақмарал Есполова бір кездері Александр Клебанов пен Сергей Канмен бірге «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ-ның шамамен үштен бір бөлігін иеленген. Қазір бұл үлес оларға тиесілі емес. Сонымен қатар ол Астанада тіркелген YN LLC құрылыс компаниясының иесі, бірақ салық төлемдеріне қарағанда, компания айтарлықтай белсенді жұмыс істемейді.

Тағы бір назар аударарлық жайт академик Тлектес Есполовтың ұлы Айдос Есполов кезінде Болат Назарбаевтың қызы Гүлмира Назарбаевамен некеде болған.

— Осылайша белгілі академик Назарбаевтар әулетімен екі рет құдандалы болып, өз отбасын олардың кланына кіріктіре алды, – делінген жарияланымда.

ДУБАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

Еске сала кетейік, бұған дейін Азаттық жүргізген "Дубайдағы Қазақстан" зерттеуінің соңғы бөлімі жарияланған. Материалда Араб Әмірліктерінен үй алған мұнай саласы топ-менеджерлері, полковниктер мен генералдар, министрлер мен әкімдер туралы айтылса, бұл жолы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің активтері көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары