×
540.78
618.65
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.78
618.65
6.71

Депутат Бапи түрмедегі Әйгерім Тілеужанмен кездесті

31.07.2025, 17:15
Депутат Бапи түрмедегі Әйгерім Тілеужанмен кездесті
Әйгерім Тілеужан сотта сөйлеп тұр. Фото: Ашық дереккөзден.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи колониядағы саяси белсенді Әйгерім Тілеужанға кіріп шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ермұрат Бапи 30 шідеде Facebook желісінде Алматы облысының Іле ауданындағы Жауғашты әйелдер колониясында отырған Әйгерім Тілеужанмен кездескенін жазды.

Депутаттың «Азаттық» радиосына айтуынша, Әйгерім Тілеужан кездесуде өзін кінәлімін деп санамайтынын және мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бермейтінін айтқан. Оның босап шығуына 1 жыл 7 ай қалған.

– «Шағымың бар ма?» дедім. «Ешқандай шағымым жоқ» деді. Шағымы болғанда енді түрменің өз ішіндегі жағдайлар ғой. Ескі түрме. 1937 жылы салынған. Одан бері жаңартылмаған. Соғанбайланысты гигиеналық талаптары бар. Ал басқа ешқандай талап айтқан жоқ, – дейді ол.

Әйгерім Тілеужанның мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтініш беруден бас тартқанын бұған дейін адвокаты Айнара Айдарханова да айтқан. Маусым айының соңында ол «Әйгерім Тілеужан рақымшылық туралы заңға да ілікпейтінін» мәлімдеген.

Былтыр көктемде адвокаты Айнара Айдархан түзеу мекемесі Әйгерім Тілеужанды маңызды медициналық емін алу үшін емханаға апармай отыр" деп дабыл қаққан. Белсенді өзін қамау режиміне келіспей аштық жариялаған.

Әйгерім Тілеужанды 2023 жылы Алматы Наурызбай аудандық соты «Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайындағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды» деп айыптап, 4 жылға бас бостандығынан айырған. Ол өзіне тағылған айыппен де, сот үкімімен де келіспеген. Істің саяси астары барын айтқан.

Осы іс бойынша Әйгерім Тілеужанмен бірге тағы төрт адам – Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жан-Айдар Кәрменов сотталған. Әрқайсысы 8 жылға бостандығынан айырылған. Оларға «тәртіпсіздік ұйымдастырды», «ғимаратқа шабуыл жасады», «автомобиль ұрлады» және «тонады» деген айып тағылған. Төртеуі де тағылған айыпты мойындамаған.

Серіктес жаңалықтары