×
540.78
618.65
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.78
618.65
6.71

Ұлттық Банк 125,6 миллион доллар сатып, валюта нарығына интервенция жасады

Бүгін, 12:01
Ұлттық Банк 125,6 миллион доллар сатып, валюта нарығына интервенция жасады
Фото: 7kun.kz

Ұлттық Банк валюта нарығына 125,6 миллион доллар сатып, интервенция жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық Банк интервенциясынан кейін доллар 540 теңгеге түсті. Ұлттық банк мәліметінше, шілдеде теңге 4% әлсіреп, доллар 419 теңгеден 440 теңгеге дейін қымбаттаған. 

«Интервенцияларды жүргізу алыпсатарлық белсенділікті төмендетуге және нарықта қажетті өтімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», – деп жазылған ресми хабарламада.
 

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа көлемі бір айда 235 млн доллардан 260 млн АҚШ долларына дейін ұлғайған. Жалпы сауда-саттық көлемі 5,7 млрд доллар болған.

Шілдеде Ұлттық қордан 700 млн доллар валюта сатылған. Тамызда бұл көрсеткіш 400-500 млн доллар болады деген жоспар бар.
 

1 тамызда Алматының айырбастау пунктерінде доллар 542-544, Астанада – 545-547 теңге, Шымкентте 543 теңгеден сатылып жатты.

Бұған дейін Ұлттық банк жетекшісі Тимур Сүлейменов қаржы нарығындағы валюта бағамына сұраныс пен ұсыныс әсер еткен деп түсіндірген.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) мамандары теңгенің әлсіреуін макроэкономикалық негіздермен түсіндіру қиын дейді. Сарапшылардың пікірінше, жеке тұлғалар да, нарық ойыншылары да доллар бағасы өсіп кетеді деген болжаммен валюта сатып алуға асықты. Соның нәтижесінде сұраныс ұсыныстан артып, доллар бағамы шарықтап шыға келді деп түсіндіреді олар.

Серіктес жаңалықтары