×
543.24
619.89
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
543.24
619.89
6.78

Тоқаев пен Гутерриш Алматыдағы БҰҰ өңірлік орталығына барды

Бүгін, 14:17
Тоқаев пен Гутерриш Алматыдағы БҰҰ өңірлік орталығына барды
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бас хатшы Антониу Гутерриш Алматыдағы БҰҰ өңірлік орталығына барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекет басшысы мен БҰҰ бас хатшысы Қазақстан Үкіметі мен Ұйым арасында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты.

БҰҒАН ДЕЙІН

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізген еді.

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сапармен келген бас хатшыға ризашылығын білдірді.

Антониу Гутерриш қонақжайлық танытқаны үшін ілтипатын жеткізіп, Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты даму мақсаттарын ілгерілетуге қосқан үлесіне ерекше тоқталды.

Еске салайық, Ulysmedia.kz сарапшылармен бірге бұл сапардың Қазақстан мен тұтас Орталық Азия үшін маңызын түсіндірген еді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш қандай тақырыптарды көтеретініне тоқталды.

 

Серіктес жаңалықтары